Қазақстанда мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібі күшейтіледі. Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселеге байланысты нақты талаптарды жариялады.
Министрлік мәліметінше, аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының өз ғимараттарында ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар, оқушылардан, ата-аналардан немесе заңды өкілдерден қандай да бір қаражат жинауға, сыйлық не басқа материалдық құндылықтар талап етуге қатаң тыйым салынған.
Сондай-ақ, белгіленген ережелерге сәйкес, бітіру кештерін мектептен тыс орындарда өткізуге рұқсат етілмейді.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға қосымша қаржы шығындарын қажет етпейтін, тәрбиелік мәні бар мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.