Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық матч өткізді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық матч өткізді

фото: inbusiness.kz

       Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ақтауда Әзербайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізіп, ірі есеппен басым түсті.

       Бас бапкер Какау бұл ойынға негізгі және жас ойыншыларды қатар шығарып, құрамды кеңінен сынап көрді. Алғашқы минуттардан-ақ ойын қызу қарқын алды. Бірінші болып есепті ашқан – команда капитаны Лео Игита. Көп ұзамай Әбдірасул Әбдіманапұлы мергендік танытып, басымдықты арттырды. Қарсылас тарап бір голмен жауап бергенімен, көп ұзамай Қазақстан сапы тағы да нәтижелі шабуыл жасап, есепті қайта ұлғайтты.

       Екінші таймда отандық футзалшылар ойын тізгінін толық өз қолына алып, бірнеше гол соқты. Біржан Оразов, Ақжол Дәрібай, Ақеділ Мадияров және Арнольд Кнауб қарсылас қақпасын дәл тауып, есеп айырмасын айтарлықтай ұлғайтты. Қорытындысында Қазақстан құрамасы 9:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

       Айта кетейік, бұл кездесу Какау бапкердің ұлттық құрамаға қайта оралғаннан кейінгі алғашқы ойыны болды.

       https://insports.kz/

Жазылу