Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл жарысқа әлемнің 44 елінен 10 мыңнан астам адам қатысады. Марафон күні қалада жол қозғалысы ішінара шектелмек. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Ал Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Сейфуллин даңғылының Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін толығымен жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағымен Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
- Сөре Әл-Фараби даңғылы бойындағы Тұңғыш Президент саябағы маңынан басталып, мәре Орталық стадионда аяқталады. Сағат 07:00–де 10 км қашықтыққа жүгіру және скандинавиялық жүріс басталады. Ал сағат 08:15-те 21 км қашықтыққа қатысушылар жарыс жолына шығады, - деп хабарлады әкімдіктен.