фото: pixabay.com
Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары анықталды
Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялау бағыттары анықталды. Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, отандастарымыз көршілес елдер арқылы елге жеткізіледі. Ведомство шетелдердің құзыретті органдарымен уағдаластыққа қол жеткізген, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Армян тарапымен Иран-Армения шекарасынан кедергісіз өту мәселесі келісілді. Әзірбайжан, Түрікменстан елдері де көмектесуге дайын. Бұған дейін Тегераннан Қазақстанның 50 азаматы шығарылды. Министрлік дерегінше, ахуал шиеленіскен аймақтарда Қазақстанның 8 жарым мыңға жуық азаматы бар. Көпшілігі танымал туристік аймақтарда, қажылық сапарда, транзиттік хабтар шоғырланған жерлерде.
Оның ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 500, Сауд Арабияда - шамамен 3 000 және Қатарда 1 500-ге жуық адам бар. Сонымен бірге, Иранда 82, Бахрейнде - 168, Кувейт пен Иорданияда -268, Израильде шамамен 100 отандасымыз жүр. Ведомство өкілдері зардап шеккендердің ішінде отандастарымыздың жоқ екенін хабарлады.

Фото: pixabay.com.
Қазақстанның 467 азаматы Дубайдан Оман арқылы бүгін елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты, деп жазды kaz.inform.kz.
Оның айтуынша, әуе қатынасының шектеулі болуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарда жүрген Қазақстан азаматтары көршілес 2 ел аумағы арқылы шығарылады.
- Бүгін Дубайдан азаматтарымыз мінген автобустардың алғашқы легі Оман сұлтанатына жолға шықты. Осы күннің соңына дейін Қазақстанның 467 азаматын Оман сұлтандығынан Қазақстанға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ол Үкімет отырысынан кейін.
Министр орынбасары Қатардағы азаматтарымыз Сауд Арабиясының Жидда қаласына жеткізілетінін айтты.
- Адамдарды Қатардан автобус арқылы Эр-Ридяқа, одан Жиддаға жеткіземіз. Одан кейін Жиддадан әуе компанияларымыздың бортымен Қазақстанға оралады, - деді Әлібек Бақаев.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через