Илья Мизерных әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Илья Мизерных әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
фото: olympic.kz

       Қазіргі таңда Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.
       ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасында Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені Илья Мизерных көрсетті. Спортшы 263 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

       Австриялық Штефан Эмбахер 296,5 ұпай еншілеп, жарыс жеңімпазы атанды. Күміс медальді польшалық Кацпер Томасяк (287,3) иеленсе, америкалық Джейсон Колби 276 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

       Қазақстандық Артем Мешков жарысты 22-орында аяқтады. Ал Даниил Калинкин алғашқы секіру қорытындысы бойынша 42-орын алып, финалдық кезеңге өте алмады.

       https://kaz.inform.kz/