фото: https://pixabay.com/
FlyArystan лоукостері Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін 19 сәуірге дейін ұзартты, деп хабарлады компания.
"Шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға және өңірдегі қолданыстағы шектеулерге байланысты қабылданды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін әуе компаниясы осы бағыт бойынша рейстердің 31 наурызға дейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.
"Қазіргі жағдайда рейстерді орындау мүмкін емес, осыған байланысты тоқтата тұру кезеңі ұзартылды. Барлық шешім ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды", - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы тоқтаған рейстердің жолаушыларына кейінірек тегін қайта брондау немесе билет құнын толық қайтару ұсынылатынын атап өтті.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через