фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Өскемен, Астана және Қарағанды қалаларынан білікті жаттықтырушыларды тарту жоспарланып отыр
Ақтау қаласында халықаралық стандарттарға сай жаңа мұз сарайы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Олимпиадалық үлгідегі екі қабатты ғимаратта мұз аренасы, спортшыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері, жаттықтырушылар кабинеттері, әкімшілік бөлмелер және келушілерге арналған кафе бар. Спортшылар мен қонақтар үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Жаңа мұз сарайы төрт олимпиадалық спорт түрін дамытуға мүмкіндік береді. Олар: хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және кёрлинг.
"Жақын уақытта Өскемен, Астана және Қарағанды қалаларынан білікті жаттықтырушыларды тарту жоспарланып отыр. Негізгі басымдық хоккей мен мәнерлеп сырғанауға беріледі", - дейді әкімдік мамандары.
Айта кетері, мұз сарайы жеке инвестиция есебінен салынып отыр.
Дерек көзі: https://sputnik
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через