фото: Қазақстан ТЖК
Көліктің ішінде екі әйел болған
Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен кеткен көлікті шығарды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті. Көліктің ішінде екі әйел болған.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жіберілді.
"Құтқарушылар зардап шеккендерге қауіпсіз жетуді ұйымдастырып, мұз үстінде жұмыс істеуге арналған жабдықтарды қолданды", - деп жазылған хабарламада.
Мұзға кеткен көлікте болған екі әйел жағаға жеткізілді.
Оларға медициналық көмек сол жерде көрсетілді, дейді құтқарушылар.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через