Бельгиядан әкелінген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды

Бельгиядан әкелінген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды
фото: https://pixabay.com/

Өнімнің фитосанитарлық сертификаты жоқ екені анықталған

Маңғыстау облысының Құрық портында 19 тонна алмұрт Бельгияға кері қайтарылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Құжатты тексеру барысында карантинге жатқызылған өнім – алмұрт партиясының Қазақстан аумағына фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды.

"Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы ел — Бельгияға кері қайтару туралы акт ресімделді", - деп жазылған хабарламада.

АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін еске салды.

Дерек көзі:https://sputnik.kz