фото: https://pixabay.com/
Жалпы жүйе іске қосылған сәттен бастап мұндай 85 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылған
Полицейлер бұрынғы ұрлықтардың бәрі онлайнға көшіп, қылмыскерлер жаңа айла пайдаланып, азаматтардың ақшаларын ұрлау үшін интернеттің дамыған техникаларын қолданып жатқанын айтады.
"Мұндай қылмыспен күресуді үш бағытта жүргізу қажет. Ол заңнамалық шаралар, екінші - техникалық шаралар, үшінші - профилактикалық шаралар. Осы шараларды бірлесіп атқарған кезде ғана киберқылмысты тоқтатуға болады", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырау бұғатталды. Жалпы жүйе іске қосылған сәттен бастап мұндай 85 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылған. Қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды, оның бірі трансұлттық сипатта.
"Қазіргі уақытта қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде 100 мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қылмыскерлерден 88 sim-box алынды. Азаматтардың құқықтық, компьютерлік және қаржылық сауаттылығын көтеру басты назарда. Халыққа қылмыстардың жаңа түрлері және олардан қорғану әдістері туралы айтып жатырмыз", - деді департамент басшысы.
Өткен жылы тәртіп сақшылары шетелде 7 call-орталыққа тосқауыл қойды. Одан бөлек Қазақстан аумағында 6 call-орталық жойылды.
Алаяқтықтың арбауына түсіп қалмау үшін полиция жалған сілтемелерден өтпеуге жіне банк карталарын үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес берді.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через