Мысыр әуежайларында туристер үшін миграциялық карталар алынып тасталмақ

Мысыр әуежайларында туристер үшін миграциялық карталар алынып тасталмақ
фото: Zuma / ТАСС

Бұл жолаушылардың уақытын үнемдеп, сапар рәсімдерін жеңілдетеді.

Мысырдың Азаматтық авиация министрі Самех әл-Хефни қаңтар айының соңына қарай елдегі әуежайларда туристерге арналған миграциялық карталар жойылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Қаңтар айының соңына дейін біз көші-қон карталарын алып тастаймыз", – деді әл-Хефни.

Азаматтық авиация министрінің айтуынша, Мысыр әуежайларына келетін немесе елден ұшып шығатын жолаушылар үшін карталарды толтыру талабын алып тастау сапар рәсімдерін жеңілдетеді. Сондай-ақ, жолаушылардың уақытын үнемдейді. Енді әуежайларда жаңа жүйе қолданылмақ. Онда туристердің деректері алдын ала тексеріледі.

Самех әл-Хефни әуежайларда цифрландыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын айтты.

 

Дерек көзі: https://inbusiness.kz