фото: https://pixabay.com/
118 мемлекеттік және жеке медициналық ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдарды тексеруді қайта бастайды.
Министрліктің мәліметінше 2026 жылға бекітілген кесте бойынша 118 мемлекеттік және жеке медициналық ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
"Бақылау іс-шаралары барысында білікті мамандардың, тиісті медициналық жабдықтардың, сондай-ақ белгіленген нормативтерге сәйкес келетін үй-жайлардың болуына басты назар аударылады. Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 57 медициналық ұйым профилактикалық бақылаудан өтеді", - дейді ведомство.
Тексерулер заңдылық, объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтай отырып, қолданыстағы заңнама шеңберінде қатаң түрде жүргізіледі. Мақсат – саланың сапасын арттыру.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через