фото: https://pixabay.com/
1962 жылы Лондон Чарльз Кремптон деген қайтыс болды. Ол өмірінің соңғы он жылында инкассатор болып жұмыс істеді. Үйінен көп қашық емес жерде шағын кабак бар. Күнде кешкісін сағат 18-00-де сонда баруды әдетке айналдырды. Бұрыштағы столда жалғыз отыратын оған жұрттың көзі әбден үйренді.
Кремптон қайтыс болған соң да кабакқа келіп жүрді. Және күн сайын дерлік, сағат 18 00-де. Басында қорқып, мазасызданған қонақтар кейін оған үйреніп кетті. Тіпті бәрі де кабак иесі оның алдына жақсы көретін ішімдігі – «Джинджер» әкеліп қойды. Кремптон бұған мырс етіп күлді де, кетіп қалды. Әдетте ол кәдімгі адам сияқты-орнынан тұрып, залды бойлап барып, сыртқы есіктен шығып кететін. Ал бұл жолы отырған орнында ғайып болды. Содан бір жұма көрінбеді. Кабакқа келушілер үнсіз келісім жасағандай оның орнына жоламай жүрді. Келесі келгенінде бір репортер оны суретке түсіріп алды. Бірақ кейін пленкасы ағарып кеткен болып шықты. Одан кейін кабакқа бейнекамера орнатылды. Соны сезіп қойғандай елес тағы көрінбей кетті. Бейнекамера алынған соң ғана келе бастады. Оны парапсихологтар да бақылады. Кабакқа оның сырттан кіргенін ешкім көрмейді екен. Кабактың кіреберіс дәлізі бар. Залда отырғандар оның дәліздің ішкі есігінен кіріп келе жатқанын ғана көріп жүреді. Кеткенде де сол есіктен шығып кетеді. Бірақ сыртқа шыққанын да ешкім көрмейді. Парапсихологтар оның орны мен маңайда энергияның өте күшті жұтылатынын анықтады. Уақыт өте елес бұлыңғыр тартып, контурының дәл сызықтары бұзыла бастады. Содан келуді біржола доғарды.
Ескі қорған үйлерге бекітілген тұрақты елестермен қатар «көшіп жүретін», әр мамандықтың да елесі болады. Ұшқыштарда ғана кездестетін ақ киімді парашютист» туралы әңгіме кеңінен тараған. «Красная звезда» газетінде қарт полковник-десантшының мынадай әңгімесі жарияланған. «ИЛ-86» ұшағынан төрт топқа бөлініп секірдік. Командир болғандықтан мен соңғылардың бірі болып секірдім. Бұл кезде әскерлердің алды жерде паршютттерін жинап жатты. Төмендеп келе жатырмын, күмбезімді ендігі жайып та жібергенмін. Кенет ту сыртымнан «оңға кет деген айқай естілді. Ойланбастан парашют бауын тартып оңға ығыса қойдым. Жанымнан паршюті жартылай ашылған жауынгер зу етіп өте шықты. Мен секундқа кешіккенде ол менің күмбезіме түсіп, екеумізде опат болар едік. Келесі мезеттерде ол да әйтеуір күмбезін толық жайып, қалықтап төмендей бастады. Мен құтқарушыма «рахмет» деп айқайламақ болып артыма қарадым. Жүз метрдей жерден ақ комбенизон киген парашютисті көрдім. Ақырындап... көтеріліп бара жатты. Күшті ауа ағынына тап болса, ұшқыштың көтеріліп кететін кезі де болады. Әрине, мұндай жағдай өте сирек. Сонымен, ол-жоғары, мен-төмен, арамыз шапшаң алыстап бара жатты. Сәлден соң мүлде көрінбей кетті».
Спортшы-парашютист В. Краснов та «ақ киімді парашютистпен» кездесіпті. Ол былай айтады: «Бірде түнде парашютпен секірдік. Памир шыңдарына түсіп келе жаттық. Тауда ең бастысы-қонақтайтын жерді дәл таңдау керек. Әйтпесе құзға соғыласың не шыңырауға түсіп кетесің. Ал мен бастапқы бағыттан жаңылып, маңымдағылардан адасып қалдым. Төменнен ашық алаң көрінер емес. Бір кезде алдымда тағы біреудің ұшып бара жатқанын аңғардым. Айдың жарығымен ап-анық көрінеді, ол үстіне өзі де ақкиім киіпті. Маған «Соңымнан ілес» деп айқайлады. Біздікілердің біреуі болар деп ойладым, шамасы қонатын жер тапқан ғой деп ойладым. Парашютымның бауларын тартып, артынан ілесе бердім. Ақыры төмендеп келіп, бір құздың етегіндгегі алаңқайға, құзға жарты метр жетпей дік ете түстім. Әдетте парашют ұшқышты қонғаннан кейін де дедектетіп бір-екі метрге алып кетеді. Ал бұл жолы парашютым құз жарына сәтті жайылып түсті де, сырғып келіп, аяғымның астына жиналып қалды. Алаңқайдың екінші жағы түпсіз шыңырау екен. Менің жебеушім солай қарай асып кетіпті. Шыңырауға батып бара жатты. Ақ парашютының күмбезін ғана көріп қалдым.
Менімен секіргендердің де бәрі де аман-есен қоныпты. Менен де алыс емес бір алаңға. Әлгі жебеушінің кім болғанын ақыры анықтай алмадық...»
КСРО спорт шебері мынадай әңгіме айтады: «Жерге шапшаң түсуден рекорд жасауға жаттығып жүрдім. Сондай бір жаттығу кезі. Жерге қарай құлдилап келе жатқан кезім. Парашютті ашып жіберуім қажет биіктікке дейін бір шақырым қалды. Кенет әлдекім «жұл сақинаны» деп айқайлап келіп жіберді. Бұйрықты дереу орындап үйренген адамдармыз ғой, сақинаны жұлып, парашютты ашып жібердім. Нәтижесінде рекорд жасай алмадым. Есесіне өмірімді сақтап қалдым. Себебі биіктікті көрсететін құралымда ақау бар екен.
Кейін жолдастарыма парашютымды ерте ашып қоюымның себебін айттым. Олар сенбейді «кім айқайлайды, сен жалғыз секірген жоқсың ба?» деп. Түсіп келе жатқан менің маңымнан ешкімді көрмегендерін айтты. Ал өзім сол құтқарушымды көрген болатынмын. Парашютымды ашқаннан кейін «кім екен айқайлаған» деп жоғарыға қараған едім. Бұлтқа сіңіп бара жатқан аппақ парашютисті көзім шалып қалды. Жоғарыда айтылған жебеушілер құр елес емес.
Москва түбінде Пушкин село бар. Онда әскери институттың казармасы орналасқан. Казарма болған соң, әскер сапқа тұратын алаңы болады. Курсанттар мынадай әңгіме айтады. Сол алаңнанан кей түндері ақ киімді парашютист көрінеді. Түсіп келе жатқанын, не түсіп болып бір жаққа кетіп бара жатқанын емес, тек парашютының бауларын ағытып жатқанын ғана көруге болады.
Отызыншы жылдары осы казармада КСРО-ның алғашқы бір десант бригадасы орналасыпты. Олар парашютпен Гатчино аэродромына барып секіріп жүреді. Араларында Иван Волкорез деген батыл да өркөкірек жігіт болыпты. Жерге аз-ақ қалғанда парашютын ашады екен. Сөйтіп жерге ең бірінші болып түсіп жүреді. Ал мұндай қасиет десант әскерінде жоғары бағаланады.
Аэродром шетінде ескі шіркеу бар екен. Оның қоңырау соғатын жеріне бригаданың командалық-бақылау пункті орналасады. Дандайсыған Волкорез бірде жолдастарымен бәстеседі. «Етігім қоңырау қатарына жеткенде ғана парашютті ашам» деп. «Бұлай істей алмаса, жерге аман түспей-ақ қояйын» дегенді қосып қояды. Осы соңғы сөзі періштенің құлағына шалынғандай болып шығады. Парашютын ол ашуын қоңырау қатарына жеткенде ашады. Бірақ жоғары қарай зырлай жөнеледі. Содан қайтып, оны ешкім көрмейді. Тек әуеде жүріп бәлеге ұшырап қалғандар ғана көретін болған. Оның көмегін алып, аман қалады. Сонан соң оны жоғарыда айтылған курсанттар көреді.
Сонымен қатар оны Мәскеу метросының «Революция алаңы» станасынан көруге болады екен. Сонда қоладан құйылған парашютист мүсіні бар. Мүсінші оны бір кезде парашютист-стахановшы Иван Волкорезге қарап отырып жасапты.
Дерек көзі: ғаламтор
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через