фото: https://pixabay.com/
Соның салдарынан мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірілген
Ақмола облысында ғылыми қызмет мемлекеттік қаражатты жасыру мақсатында пайдаланылған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Облыс прокуратурасы ғылымды дамыту және отандық өндірісті қолдау мақсатында бөлінген мемлекеттік гранттық қаражаттың тиімді жұмсалуына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында грант қаражатын тиімсіз пайдалану, жобалардың қайталануы, мемлекеттік мүліктің бүлінуі, сондай-ақ мәлімделген бастамалардың толық іске асырылмауы фактілері анықталды.
"Бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік 295 млн теңге көлеміндегі гранттық қаражатты тиімсіз пайдаланылған. Бұл қаражат зауыт салу және өнім өндіру мақсатында бөлінгенімен, ол нысаналы мақсатына сай жұмсалмаған", - дейді прокуратурада.
Қазіргі уақытта бұл қаражатты сот тәртібімен мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.
"Тағы бір ғылыми орталықтардың бірінің лауазымды тұлғалары ғылыми зерттеулер аясында өндірілген 850 тоннадан астам тұқымдық астықты полигонға шығарып тастаған. Соның салдарынан мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірілген", - дейді прокурорлар.
Cалғыртық дерегі бойынша Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қаржы бөлінгеніне қарамастан, іске аспаған 13 ғылыми жоба анықталды.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через