фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі
Әйелдің туыстары оның ағзаларын алуға келісім берді
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысында қайтыс болған пациенттің ағзалары алынғанын хабарлады.
Дәрігерлік консилиумның қорытындысы бойынша 1979 жылы туған пациенттің миы өлгені анықталды. Түсіндірме әңгімеден кейін туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру туралы шешім қабылдады.
"Донорлық процесс барысында екі бүйрек, жүрек, бауыр және мөлдір қабық алынды. Барлық донорлық ағза бейінді медициналық ұйымдарға жедел жеткізілді. Жүрек, бауыр, бүйрек және мөлдір қабықты трансплантаттау сәтті аяқталды", - деп жазылған хабарламада.
Медициналық көмек пациенттерге, оның ішінде республикалық күту парағында тұрған балаға көрсетілді.
"Денсаулық сақтау министрлігі туыстарына көрсеткен батылдығы мен басқа адамдардың өмірін сақтап қалуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді", - деп атап өтті ведомство.
2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4 506 пациент, оның ішінде 123 бала бар. Басым көпшілігі – 90%-дан астамы бүйректі трансплантаттауды қажет етеді.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через