2026 жылдан бастап үйді сату мен жалға беруде қандай өзгеріс болады

2026 жылдан бастап үйді сату мен жалға беруде қандай өзгеріс болады
фото: https://www.istockphoto.com

       2026 жылдан бастап Қазақстанда тұрғын үйді сату және жалға беру кезінде қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты жаңа өзгерістер күшіне енеді.

       Салық органдарының мәліметінше, жаңа тәртіпке сәйкес, құрылысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған және (немесе) пайдалануға берілген тұрғын үй нысандарын құрылыс компаниялары сатқан кезде ҚҚС салынбайды. Бұл жеңілдік тұрғын үй ғимаратына да, оның жекелеген бөліктеріне де қолданылады.

      Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған сатып алу құқығы бар ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша тұрғын үйді жалға беру де ҚҚС-дан босатылады.

       https://baq.kz/