фото: https://pixabay.com/ru
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге арналған негізгі сынақ — Ұлттық бірыңғай тестілеудің трансформациясы қалай жүзеге асатынын айтып берді.
— Биыл ҰБТ қазіргі форматта, ешқандай өзгеріссіз өткізіледі. Біз ҰБТ форматын жетілдіру мақсатында америкалық ETS компаниясымен бірлескен жұмысты бастадық. Трансформация кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: 2027 жылдан бастап пилоттық режимде енгізіліп, одан кейін 2029 жылға дейін ауқымды түрде кеңейту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта формат бұрынғы күйінде қалады, — деді Гүлзат Көбенова Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ, түлектерге ҰБТ-мен қатар халықаралық тест тапсыру мүмкіндігі беріледі.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через