Тарихта алғаш рет қазақ қақпашысы Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды

Тарихта алғаш рет қазақ қақпашысы Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды
фото: “Қайрат” фк

       Чемпиондар лигасының алтыншы турындағы “Қайрат” пен “Олимпиакос” ойынында Темірлан Анарбеков тағы да матчтың басты қаһарманына айналды. 

       Ол ойын барысында қарсыластың қауіпті соққыларын қайтарып, “Қайраттың” қақпасын талай голдан аман сақтап қалды.

       Нәтижесінде Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік (MVP) ойыншысы атанды. Тарихта алғаш рет қазақ футболшысы Чемпиондар лигасында мұндай атаққа ие болды.

       Еске салайық, алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының 6-турында өз алаңында грекияның “Олимпиакос” командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңілді. Екінші таймда “Қайраттықтар” қарқынды үдеткімен “Олимпиакостың” қорғаныс шебін бұзып өте алмады. Ойын барысында сары-қаралардың темір қақпашысы Темірлан Анарбеков қақпаны голдан бірнеше рет сақтап қалды. Алайда 73 минутта қарсылас сапынан Мартинш есеп ашты.

       https://stan.kz/