Алматыда «Қазақстан» қонақ үйі ғимаратының сәулеттік жарықтандыру жобасы жүзеге асырылды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала символына айналған нысанға 1800-ден астам заманауи жарық шамдары орнатылды, деп жазды kaz.inform.kz . Олар ғимараттың танымал сәулетін айқындап, кешкі және түнгі уақытта оған айрықша көрініс берді.
Фото: Алматы әкімдігі
- Бұл шешім ғимараттың визуалды тартымдылығын арттырып, қалалық ортаға үйлесімді түрде енді, - деп хабарлады әкімдіктен.
Фото: Алматы әкімдігі
Еске салайық, бұған дейін Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан биіктігі 200 метр телерадио хабарын тарататын мұнараның сәулеттік жарықтандыру жобасы толық аяқталды.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.