фото: https://olympic.kz
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 7 желтоқсанда ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) сынға түсті.
Қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы жекпе-жегінде моңғолиялық Даваадал Алтангэрэлмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласынан жинақы қимыл көрсетті.
Соққыны көбірек жұмсады. Қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсірді. Осылайша моңғолиялық боксшыны тізе бүктіріп, жарыстың келесі сатысына шықты.
Енді ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (70 келі) армениялық Арарат Арутюнянмен қолғап түйістіреді.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Даниял Сәбит (51 келі), Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через