фото: pixabay.com
Алматыда қоғамдық көлікте Kaspi арқылы QR төлемі іске қосылды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыда қоғамдық көлікте жолақысын төлеудің жаңа тәсілі қолданыла бастады.
Енді жолаушылар Kaspi мобильді қосымшасы арқылы автобустағы ONAY QR кодын сканерлеп немесе көлік кодын қолмен енгізіп, жолақысын төлей алады.

Фото: pixabay.com.
Алматының көлік холдингінің хабарлауынша, жаңа мүмкіндік ONAY! жолақы төлеу жүйесінің қолданыстағы функцияларын кеңейтеді.
— Сонымен қатар жолаушылар бұрынғыдай ONAY! көлік карталары, мобильді қосымша және басқа төлем әдістерін пайдалана береді, — делінген хабарламада.
Алдағы уақытта жолақыны басқа банктер арқылы төлеу мүмкіндігі де қарастырылады. Қазір холдинг банктермен бірге бұл нұсқаны зерттеп жатыр.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через