фото: pixabay.com
Еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады.
Қазгидромет 9, 10, 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды almaty.tv.
Азаматтар қыстың алғашқы лебін сезінеді. 9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон келеді.
Осылайша алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады.
Түнгі уақытта термометр бағаны солтүстік өңірлерде 22-30 градусқа дейін, шығыста 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 10-20 градус аязға дейінтөмендейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через