фото: https://pixabay.com/
150 орындық жаңа мектеп салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2018 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Ақбастау елді мекенінде 180 оқушыға арналған мектеп құлағалы тұр.
Мектептің апатты жағдайы туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Ғимараттың төбесінің жырым-жырымы шығып, едені опырылып тұр. Ал керегесі құлап жатыр.
"Сыртқы көрінісі міне мынау, құлап жатыр. Ғимарат мүжіліп құлайын деп тұр. Былтыр Дархан Сатыбалдының жеке қабылдауында болғанда, сұрағыңызды қараймыз деп шығарып салды. Биыл Түркістан облысының әкімі Көшеровтың қабылдауында болдым, ол кісі де қараймыз деп шығарып салды", - дейді ауыл тұрғындары.
Айтуларынша, мектептің жобалық сметалық құжаты екі рет жасалған. Екеуінің де уақыты өтіп кеткен. Енді үшінші рет жасалып жатыр, бірақ нәтиже жоқ, дейді тұрғындар.
"Балаларымызды тәуекелге бел буып оқытып жүрміз. Мектептің 5 шаршы метр кабинеті бар, бірнеше маман отырып жұмыс істейді", - дейді Ақбастау ауылының тұрғындары.
Sutnik Қазақстан тілшісі мәселенің мән-жайын облыстық білім басқармасынан сұрады. Ведомствоның мәліметінше, Ақбастау елді мекеніндегі мектепте үш бөлек ыңғайластырылған ғимарат бар.
"Мектептің жобалық қуаты – 180 оқушы орны, қазіргі таңда 168 оқушы білім алып жатыр. Қолданыстағы ғимараттардың бір бөлігі ескірген, ол корпустарда оқу процесі жүргізілмейді", - дейді білім басқармасы.
150 орындық жаңа мектеп салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2018 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
"Жобалық сметалық құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетіп, құжаттама қайта жаңартылып, 2025 жылдың шілде айында мемлекеттік сараптаманың кезекті оң қорытындысы берілді", - дейді Түркістан облыстық білім басқармасы.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через