Мәнерлеп сырғанаудағы сенсация

Мәнерлеп сырғанаудағы сенсация
фото: https://vesti.kz

       Қазақстандық спортшы Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге ие болды. 

       18 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламадан кейін екінші болып келе жатты. Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 132,25 ұпай жинап, үшінші нәтиже көрсетті. Алайда жалпы есеп бойынша (200 ұпай) екінші орынды сақтап, турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

       Ол тек жапониялық Каори Сакамотоға (227,18 ұпай) ғана жол берді. Үшінші орын Бельгия спортшысы Луна Хендрикстің (198,97 ұпай) еншісінде болды.

       https://kaz.nur.kz/