Мақсат Халық қымбатшылық, салық саясаты, мобильдік аударымдар, азық-түлік қауіпсіздігі жайлы

Мақсат Халық қымбатшылық, салық саясаты, мобильдік аударымдар, азық-түлік қауіпсіздігі жайлы
фото: Мақсат Халықтың жеке мұрағатынан

Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асса да бізде әлі ұлттық идеологияға негізделген ұлттық экономика моделі жасалмаған. Белгілі экономист, сарапшы Мақсат Халық осылай дейді. Оның айтуынша, егер осындай модель қабылданып, іске асырылса, онда бұл жоба бүкіл елімізді алға қарай жетелейтін еді. 

Сарапшы «Сапалы Қазақстан» ақпараттық порталының тілшісіне берген сұхбатында әлем экономикасы, АҚШ Президенті Дональд Трамптың саясаты, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы, туризм, логистика және азаматтардың мобильдік аударымдары,  жаңа салық кодексі, басқа да мәселеге қатысты жеке көзқарасын білдірді.