фото: pixabay.com
Ядролық соғыс жер бетінен 5 млрд адамды жойып жіберуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz сайты.
Жаһандық қақтығыстың сценарийін топшылап көрген америкалық ғалымдар осылай дейді. Олардың айтуына қарағанда, жаппай қырып-жою қаруы жарылса, бір мезетте 360 млн адам ажал құшады. Ал 2-3 ай өткенде құрбандар саны тағы көбейеді. Өйткені ауаға 165 млн тонна радиация тарайды.
Бұл ғылыми тілмен айтқанда, «ядролық қыстың» басталуына әкеледі. Ғалымдар Жаңа Зеландия мен Аустралияда ғана жан сақтауға болады деп болжап отыр.
- Өйткені бұл қос мемлекет те ядролық қаруы бар елдерден қашық жатыр. Ал өзге елдер тұрғындары жер астында, яғни бункерлерде ғана өмір сүре алады, - дейді ғалымдар.
Айта кетсек, Қазақстан 1991 жылы 29 тамызда халықтың қалауымен Семей ядролық полигоны жабылды. Осы шешім арқылы қазақ елі бүкіл әлемге бейбітшілік пен адамзатты сақтауға жауапкершілік пен шешуші көзқарастың үлгісін көрсетті.
Бір жарым миллион адам зардап шеккен Семей полигонындағы ядролық жарылыстардың барлық сұмдығын басынан өткеріп, Қазақстан әлемдегі ядролық қарудың жойқын 4-арсеналынан толық бас тартып, ерікті таңдау жасады, деп жазды gov.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через