Жұмыссыз қазақстандықтарға SMS келеді

Жұмыссыз қазақстандықтарға SMS келеді
фото: https://pixabay.com/ru/

       Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздар арасынан қиын жағдайға тап болған 24 790 қазақстандыққа жұмыс туралы ақпаратпен SMS хабарлама жібереді.

       Ведомство мәліметінше, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарын қоспағанда, азаматтар бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу туралы ұсыныспен SMS хабарлама алады.

     Айта кетейік, ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өткізіледі, ол жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.

      https://kaz.tengrinews.kz/