Елімізде мобильді құрылғыларды тіркеу ережесі өзгерді

Елімізде мобильді құрылғыларды тіркеу ережесі өзгерді
фото: pixabay.com

Енді смартфондар бұғатталмас үшін мемлекеттік деректер базасында тіркеліп, расталған IMEI-кодтары керек. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

mobilaser.kz сайты жазғанындай, жаңа талаптар заңсыз әкелінген құрылғылардың таралуын шектеу, алаяқтықтың алдын алу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында енгізілмек. Идентификациялық кодтар дерекқорында (БДИК) бұрыннан тіркелген телефондар автоматты түрде “ақ тізімге” енгізіледі және еш шектеусіз жұмысын жалғастырады.

Мобильді құрылғылардың заңсыз айналымы – Қазақстанда шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі. Бүгінде елде 3,7 миллионға жуық телефон бірдей IMEI-кодпен тіркелген. Бұл – көбіне заңсыз әкелінген телефондар. Көлеңкелі нарықтың кеңеюі құрылғыларды бақылау жүйесін әлсіретіп, ұрлық пен әділетсіз бәсекенің артуына себеп болып отыр. Жаңа ережелер осы мәселелерді шешуге бағытталған.

Жаңа ережелердің басты жаңалығы – мобильді құрылғыларды тексеру процесі. Тіркеу кезінде IMEI-кодтың түпнұсқалығы анықталып, құрылғының халықаралық ұрланған немесе бұғатталған телефондар базасында бар-жоғы қаралады. Сондай-ақ, оның Қазақстанға заңды жолмен әкелінгені расталуы тиіс.

Фото: pixabay.com

Kaspi.kz сатушылар мен сатып алушылардың қамын ойлап, смартфондарды ыңғайлы тексеру қызметін іске қосты. Оның көмегімен Kaspi Магазиннің серіктестері тапсырысты бермес бұрын құрылғының IMEI-кодын енгізіп, оны мемлекеттік деректер базасында тексере алады.

Сондай-ақ, құрылғыны сатып алғаннан кейін әрбір сатып алушы IMEI-кодты Kaspi.kz суперқосымшасындағы "Тапсырыс мәліметтері" арқылы өз бетінше тексере алады.

Сүйікті клиенттеріміз Kaspi Магазиндегі смартфондардың ресми әкелінгеніне, тіркелгеніне және кез келген ұялы байланыс операторымен шектеусіз жұмыс істеуге дайын екеніне сенімді бола алады.