Алатау шуағы --рухани жолығу кеңістігі

Алатау шуағы --рухани жолығу кеңістігі
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/OleksandrMatsibura

       Қазақстанның табиғи жауһары — Алатау таулары тек асқар шыңдарымен ғана емес, алуан түрлі өсімдіктері мен жануарлар әлемімен де ерекшеленеді. Соңғы жылдары табиғатты қорғау мен халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында елімізде “жолығу орталықтары” деп аталатын ерекше жобалар іске асуда. Солардың бірі — Алатаудың баурайында орналасқан «Алатаудың тылсым әлемі» атты жолығу орталығы.

       Бұл орталық — жай ғана ақпараттық алаң емес. Ол адам мен табиғат арасындағы рухани әрі танымдық көпір іспеттес. Мұнда келушілерге Алатаудың бай экожүйесі, сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген жануарлар мен эндемик өсімдіктер туралы толық әрі қызықты мәліметтер ұсынылады. Интерактивті стендтер, көрмелер мен бейнематериалдар арқылы табиғаттың тылсым сырлары ашылады.

       Орталықта балалар мен ересектерге арналған эко-сағаттар, табиғат сабақтары, сондай-ақ табиғатпен үндес серуендер үнемі ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы қызметкерлер келушілерге жай ғана дерек беріп қоймай, әсерлі әңгімелер мен тәжірибеге негізделген ойындар арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятады.

       Бүгінгі таңда экологиялық сауаттылық — әрбір азаматтың маңызды міндеттерінің бірі. Жолығу орталықтары осы сауаттылықты қалыптастырып, балаларды жас кезінен табиғатты аялауға баулиды, ал ересектерге экологиялық жауапкершілік туралы терең ой салады.

       Сонымен қатар, орталық экотуризмді дамыту, жергілікті биоалуантүрлілікті сақтау және жергілікті тұрғындармен байланыс орнату бағытында да ауқымды жұмыс атқарады.

       «Алатаудың тылсым әлемі» жолығу орталығы — табиғатты тамашалау ғана емес, оны сезініп, түсініп, құрметтеуге шақыратын ерекше мекен. Мұндай бастамалар арқылы біз табиғатты ғана емес, өз болашағымызды да қорғаймыз.

       Медеу филиалының эколог-ағартушысы: Ақерке Нәрікбай