фото: pki.gov.kz
Енді электрондық цифрлық қолтаңбаны онлайн форматта ғана ала аласыз. Мұндай өзгеріс 11 тамыз, яғни дүйсенбіде күшіне енеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Цифрлық даму министрлігінің ақпаратынша, бұл шешім азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыруға, сондай-ақ жеке цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ал егер электронды цифрлық қолтанбаны алу тәртібін түсінбей жатсаңыз, халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгіне аласыз.
Жұлдызай Жарылқасын, ҚР ЦДИАӨ министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ашық кілттер департаментінің жетекші менеджері:
Халыққа қызмет көрсету орталығы операторы арқылы ЭЦҚ алу тек бір жағдайда мүмкін. Егер адам 5 рет биометриядан өте алмаса, егер құрылғыңызда камера болмаса немесе ЭЦҚ алудың жолын білгіңіз келсе, халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында ЭЦҚ рәсімдей аласыз.
Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) – бұл электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден осы электрондық құжатты қорғау үшін арналған. Электрондық сандық қолтаңба ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АҚҚҚ) пайдалануымен ақпаратты қайта жасау нәтижесінде қалыптасады және кілттің қол қою сертификатының иесін сәйкестендіруге, сондай-ақ электрондық құжатта ақпараттың бұрмалануының жоқ болуын белгілеуге рұқсат етеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через