2026 жылы өтетін Қысқы Олимпиаданың медальдары

2026 жылы өтетін Қысқы Олимпиаданың медальдары
фото: Milano Cortina 2026/www.noc.by

Италияда өтетін Қысқы Олимпиаданың медальдары көпшілікке көрсетілді. Олардың бір беті әлемдік ойындардың дәстүрлі символы - бес сақинамен безендірілсе, екінші жағында турнирлердің өтетін жері мен жылы жазылған, деп хабарлады qazaqstan.tv.

 Сонымен қатар, Венецияда Паралимпиада атлеттеріне арналған медальдар да жұрт назарына ұсынылды. 

Ақ Олимпиада 2026 жылы ақпанның 6-сында ашылып, 22-сінде аяқталады. 

Милан мен Кортина-д'Ампеццо курорттық қаласында өтетін ойындар барысында 245 алтын, 245 күміс, 245 қола жүлде сарапқа салынады. 

Ал паралимпиадашылар осы үш санаттың әрқайсында 137 медаль үшін бақ сынауы керек.