Үндістан халқы 1,5 миллиард адамға жақындады

Үндістан халқы 1,5 миллиард адамға жақындады
фото: pexels.com

БҰҰ-ның Халық қоныстануы қорының есебінше, Үндістан халқы 1,5 миллиард адамға жақындады. Болжам бойынша, жақын арада бұл көрсеткіш тағы 200 миллион адамға артады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазіргі уақытта Үндістан — әлемдегі халқы ең көп ел. БҰҰ-ның былтырғы World Population Prospects баяндамасында Үндістан халқы 2060-жылдардың басында шарықтау шегіне жететіні айтылған. Бұл кезде көрсеткіш 1,7 миллиард адамға дейін өсіп, шамамен 40 жылдан кейін төмендей бастайды деп болжам бар. 

Құжатта орта есеппен әрбір үнді әйелінде екі баладан бар екендігі көрсетілген.

Фото: pexels.com.

Жалпы, халықаралық ұйымның болжамынша, Жер шарындағы халық саны 2080-жылдардың ортасында 10,3 миллиард адамға жетеді.

2024 жылдың қаңтарында Қытай халқы 1,39 миллион адамға азайып, 1,408 миллиардқа түскені хабарланған болатын. The Wall Street Journal басылымы 2035 жылға қарай Қытай экономикалық және демографиялық қысымға тап болуы мүмкін деп жазды.