Салынып жатқан үйде жылжымайтын мүлікті ипотекамен алуға тыйым салынады

Салынып жатқан үйде жылжымайтын мүлікті ипотекамен алуға тыйым салынады
фото: https://pixabay.com/ru/

Сондай-ақ салынып жатқан тұрғын үйді тек қолма-қол ақшасыз сатып алуға, сатуға болады

Сенат депутаттары үлескерлердің құқығын қорғауға арналған маңызды заңды мақұлдады.

Заңдағы негізгі өзгерістердің бірі – жаңа үйлерде тұрғын үй сатып алуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу. Бұдан бөлек, тағы бірқатар шектеу енгізіледі. Олар.

үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу;

салынып жатқан тұрғын үй нарығында үлескерлердің ақшасын тартудың заңдылығын әкімдіктер тарапынан бақылау;

салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйде жылжымайтын мүлікті ипотекамен сатып алуға тыйым салу;

салынып жатқан тұрғын үйді тек қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүргізу;

тұрғын үй құрылысының ұзарту мерзімін 9 айдан 5 айға дейін қысқарту.

Ал осы талаптарды бұзғаны үшін 7 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізіледі.

Заңда құрылыс компанияларына қойылатын бірқатар талапты жеңілдету шаралары да қарастырылған. Мәселен, көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын толығымен аяқтамай, жергілікті атқару органының рұқсатын алғаннан кейін үлескерлердің ақшасын пайдалануға болады.

Ал халықтың мүддесін қорғау мақсатында азаматтарға тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу туралы кеңес беру мақсатында үлескерлерді қолдау орталығы құрылады.

Бүгін сенат депутаттары заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қарауына жіберді.

ҚазАқпарат