Израильде 40 мыңға жуық турист елден шыға алмай отыр

Израильде 40 мыңға жуық турист елден шыға алмай отыр
фото: https://en.iz.ru/en/

Израиль мен Иран арасындағы шиеленіске байланысты ондаған мың шетелдік турист Израильден шыға алмай қалды.

Әуе кеңістігінің жабылуына байланысты көптеген адам Израильден яхта арқылы Кипрдің оңтүстігіне жетуге тырысып жатыр. Олардың қатарында туристер де, жергілікті израильдіктер де бар.

Тель-Авив маңындағы Герцлия портында адамдар теңіз арқылы эвакуация мәселесін өзара келісіп шешіп жатыр: бірі үйіне қайтқысы келеді, енді бірі — шетелдегі балаларына баруға ұмтылып жатыр.

Шамамен 40 мың турист Израильден ұшып кете алмай, Кипрге қайықпен жетуге мәжбүр болды. Алайда бұл әдіс қымбат әрі шектеулер бар.

Кішкентай яхталардың иелері Герцлия, Хайфа және Ашкелон сияқты жағалаудағы қалалардан 10 адамнан тасымалдап жатыр.

Әлеуметтік желілер арқылы эвакуацияға сұраныс жоғары, соған байланысты бағалар да өсіп кетті — билет құны бірнеше жүзден мыңдаған еуроға дейін жетеді.

Бұған дейін Израиль үкіметі шетелден израильдіктерді елге қайтаруға арналған ұшақтарды елден кеткісі келетін адамдар үшін пайдалануға тыйым салған болатын.

13 маусымда Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейін 100-ден 200 мыңға дейін израильдік шетелде қалып, еліне қайта алмай отыр.