Еуропада коронавирустың жаңа түрі тез таралып жатыр

Еуропада коронавирустың жаңа түрі тез таралып жатыр
фото: pixabay.com

Коронавирустың жаңа түрі бүкіл әлем назарын өзіне аударып отыр. Вирусологтар алаңдаулы. Бұл NB.1.8.1, "Нимбус" деген атпен белгілі. Бұл «Омикрон» штаммының тағы бір мутациясы, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

Бірқатар елдерде аталған вирусты жұқтырғандар саны айтарлықтай өскен, деп хабарлайды morgenpost.de. Бұл штамм Германияда бұрыннан анықталса, енді кәрі құрлықтың өзге мемлекеттерінде де таралып жатыр. 

Британдық вирусолог Лоуренс Янг алдағы апталарда ауру саны артады деп болжайды. 

Алдағы бірнеше айда біз инфекциялардың көбеюін көруіміз әбден мүмкін. Мәселе мынада, көптеген басқа вирустардан айырмашылығы, бұл нұсқа тіпті жылы, ылғалды ауа райында да таралады, - деді британдық The i Paper газетіне: берген сұхбатында.

Жаңа штам маусымдық тұмауға қарағанда жазда да адамдар арасында кеңінен тарала береді. 

Германияда коронавирустың жаңа штамы 3 ай бұрын тіркелді. Мамырда осы елдегі науқастардың 16%-інде «нимбус» анықталған.