
фото: https://pixabay.com/ru/
Бұл халықтың 40%-тен астамы
Қазақстанда спортпен айналысатындар саны артты. Ел халқының 40%-і спортпен шұғылданады, деп хабарлайды спорт және туризм министрлігі.
Министрліктің мәліметінше спорт саласына бөлінген инвестиция бір жылда екі есеге артып, 315 миллиард теңгеге жеткен.
"Кейінгі үш жылда спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 24 пайызға артып, 8,4 миллион адамға жеткен. Бұл – ел халқының 40%-тен астамы", - деп жазды ведомство.
2021 жылдан бастап дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған мемлекеттік инвестиция көлемі екі еседен аса өскен. 2024 жылы 153 миллиард теңгеден 315 миллиард теңгеге жетті.
Бұл қаражат еліміздің түкпір-түкпірінде спорт нысандарын салу мен жаңғыртуға, спорт секциялары мен үйірмелерін қолдауға, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ білікті кадрларды даярлауға бағытталуда, дейді министрлік.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через