
фото: sputnik.kz
2018 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстанның мемлекеттік өнер мұражайы Жібек жолы музейлері мен галереяларының халықаралық альянсына қосылды
5 маусымда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстанның мемлекеттік өнер мұражайында "Қытайдың идеялар өнері – Қытай ұлттық музейінің жәдігерлері" көрмесі ашылады, деп хабарлады мәдениет министрлігі.
"Экспозицияға Қытайдың ХХ-ХХІ ғасырлардағы әйгілі суретшілері салған, Сиейдің көркемдік дәстүрін дамытатын кескіндеме, графика және мүсін өнерінің 50-ге жуық туындысы қойылады. Шеберлер материалдың стилі, техникасы және ерекшеліктері арқылы бейненің сыртқы сипатын танытып қана қоймай, оның ішкі рухани мәнін де ашады", - делінген хабарламада.
2018 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстанның мемлекеттік өнер мұражайы Жібек жолы музейлері мен галереяларының халықаралық альянсына қосылды. Кәсіби өнер ұйымдарын біріктіру бастамасы Қытайдың ұлттық музейіне тиесілі және қатысушы елдер арасындағы мәдени және өнер алмасудағы ынтымақтастықты біріктіруге бағытталған.
"Қытайдың идеялар өнері – Қытай ұлттық музейінің жәдігерлері" көрме жобасы ұлттық өнерді насихаттауға арналған маңызды мәдени алмасу бағдарламаларының бір бөлігі болып табылады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через