Алматыда медициналық бұйымдар зауыты ашылды

Алматыда  медициналық бұйымдар зауыты ашылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Қазіргі уақытта өнім Қазақстанның 2 670 медициналық мекемесіне жеткізіледі және шетелге экспортталады

Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын заманауи жоғары технологиялық зауыт ашылды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ресми дерекке сәйкес, инвестициялар 2,1 млрд теңгені құрады, 100-ге жуық жұмыс орны құрылды. Жыл сайынғы өнім 10 миллион дана өнімге жетеді.

"Зауыт жобалау мен клиникалық сынақтан бастап орау мен зарарсыздандыруға дейін толық циклды жүзеге асырады. Жаңа кәсіпорынның ашылуы ішкі сұраныстың 90%-ына дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта өнім Қазақстанның 2 670 медициналық мекемесіне жеткізіледі және шетелге экспортталады.

Зауытта инновацияларға ерекше мән беріліп отыр: жылына 4 миллион данаға дейін инесіз жүйелерді шығару жоспарлануда.

ҚазАқпарат