200 мыңнан астам ауыл оқушысы жайлы мектепте оқиды

200 мыңнан астам ауыл оқушысы жайлы мектепте оқиды
фото: pexels.com

200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи білім ордасына қол жеткізеді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінде заман талабына сай жаңа мектептер бой көтермек. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңа мектептердің жартысына жуығы ауыл-аймақта салынып жатыр. 

 «Жайлы мектеп» жобасының басты мақсаты - балаларды қай жерде тұрса да, сапалы әрі қолайлы білім беру ортамен қамтамасыз ету. 

Жоба аясында отандық өндірісті дамытуға да ерекше көңіл бөлінген. Яғни, мектеп құрылысына қажетті материалдар мен жиһаздар жергілікті өндірушілерден сатып алынуда. 

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған жас мамандарды тартуға арналған арнайы платформа іске қосылды. 

Анар Тәңірбергенова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті: — Edu.kz деген арнайы платформа құрылды. Сол платформаның негізінде 600 үміткердің тізімі жасақталды. Оның ішінен кез келген мектеп басшысы өзіне қажетті маманды таңдап алуға болады. Яғни сапалы білімді қамтамасыз етуге қазіргі білікті ұстаздармен қатар, жас мамандарды да осы мектептерде жұмыс жасауға тарту көзделген.