
фото: boxingnewsonline.net/inbusiness.kz
Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джахай Такер кезекті жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келетін айтты.
Америкалық боксшы Джахай Такер осындай күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ол қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17 жеңіс, 0 жеңіліс, 12 нокаут) жұдырықтасуға ниетті екенін айтты.
- Жәнібекпен 24 не 25 жасқа толмай тұрып-ақ кездескім келеді. Қазақстанға барып, оның чемпиондық белбеулерін тартып алып, үйге жеңіспен оралғым келеді, - деді 22 жастағы Такер Tha Boxing Voice басылымына берген сұхбатында.
Такер соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Лас-Вегаста өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен британиялық Трой Уильямсонды (20 жеңіс, 4 жеңіліс, 1 тең) жеңіп шықты. Дәл сол күні Астанада өткен кездесуде Жәнібек Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссенгені (14 жеңіс, 1 жеңіліс, 9 нокаут) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерін сәтті қорғады.
Айта кетейік, Әлімханұлы қазір WBC чемпионы, доминикалық Карлос Адамеспен кездесуге ұмтылып жүр.
Бірақ, әзірге бұл жекпе-жек нақты келісілген жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через