
фото: Түркістан облысының әкімшілігі
Баспананы өзі оқуға түскен қаладан алады
Түркістан облысында ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған түлек Жәнібек Әбілханға пәтер берілді.
Жәнібекке пәтер сертификатын ол тестке дайындалған білім орталығы табыстады.
"Баспана ол оқуға түскен қаладан сатып алынады", - деді орталық өкілдері.
Жәнібек көп балалы отбасынан шыққан, шағын Темірлан ауылында тұрады. ҰБТ-да ол негізгі пән ретінде информатиканы таңдап, 2025 жылы ең көп ұпай жинаған алғашқы мектеп оқушысы атанды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через