Си Цзиньпиннің кітабы қазақ тіліне аударылды

Си Цзиньпиннің кітабы қазақ тіліне аударылды
фото: sputnik.kz

Кітап ҚХР мемлекеттік басқару философиясы мен тәжірибесіне арналған

Си Цзиньпиннің "мемлекеттік басқару туралы" төрт томдығы қазақ тіліне аударылды, деп хабарлады мәдениет министрлігі.

Тұсаукесерде ведомство басшысы Аида Балаева елдер арасындағы қатынастың негізінде жатқан ғасырлық достық, өзара құрмет пен сенім барлық бағыттарда ортақ табысты дамуға ықпал ететінін айтты.

"Кітап Қытайдың саяси бағытын, оның ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тәсілдерін, сондай-ақ оның ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатын түсінуге ұмтылатын қазақстандық оқырмандар үшін құнды дереккөз болмақ. Туынды Қытайдың халықаралық аренадағы ұстанымдары мен рөлін саралауға мүмкіндік беретін маңызды еңбек", — деді Аида Балаева.

Кітап ҚХР мемлекеттік басқару философиясы мен тәжірибесіне арналған. Онда Қытай басшысының ішкі және сыртқы саясат, экономикалық және әлеуметтік даму стратегиялары жөніндегі көзқарастары қамтылған.

Басылым саясаттанушыларға, халықаралық қатынас мамандарына, Азия елдерінің даму жолдарына қызығушылық танытқан жандарға, қытай тілін, мәдениетін зерттеушілерге арналған.

ҚазАқпарат