
фото: pexels.com
Президент Дональд Трамп АҚШ-та көрсетілетін барлық шетел фильміне 100 пайыздық баж салығын енгізуді ұсынды. Трамп бұл туралы «Truth Social» әлеуметтік желісінде жариялады, деп жазды qazaqstan.tv.
Ақ үй басшысының айтуынша, түрлі елдер Құрама штаттан режиссерлер мен киностудияларды алып кетуді көздейді.
«Бұл ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Шетелдік фильмдердегі насихат ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді»,-деді АҚШ президенті.
Ол елдің Сауда министрлігіне шетелдік фильмдерге тариф енгізуді тапсырды. Америкалық киноиндустрияға Трамптың тарифтері бірден кері әсерін тигізді.
Атап айтсақ, Қытай Голливуд фильмдерін импорттауға шектеу қойып үлгерді.
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тағы қытайлық тауарларға 145 пайыздық баж салығын енгізгеннен кейін Қытай Голливуд фильмдерінің импортын шектейді, деп хабарлады Қытайдың Ұлттық кино әкімшілігі.
"Біз нарықтық қағидатты басшылыққа ала отырып, көрермендердің таңдауын құрметтейміз және АҚШ-тан импортталатын фильмдердің санын азайтамыз. Қытай әлемдегі екінші үлкен кино нарығы", - делінген хабарламада.
Естеріңізге салсақ, биылғы көктемде АҚШ пен Қытай арасында тарифтік соғыс басталды. Сауда соғысына АҚШ-тың қытыйлық тауарлардың барлығына 10% баж салығын енгізуі түрткі болды. Өйткені, Дональд Трамп Қытайды АҚШ-қа фентанил есірткісін контрабандалық жолмен әкелді деп айыптады және 10 сәуірде ол салық мөлшерін 145% дейін көтерген еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через