Поляк пен түрік компаниялары Қазақстанда жылыжай кешендерін салуға инвестиция құяды

Поляк пен түрік компаниялары Қазақстанда жылыжай кешендерін салуға инвестиция құяды
фото: https://pixabay.com/ru/

2025 жылы 8 инвестициялық келісім жасау мәселесі пысықталуда

Қазақстанның оңтүстігінде жақын арада шетелдік капиталдың қатысуымен ірі жылыжай кешендерін салу бойынша екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды "АПК Новости".

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдегендей, 2025 жылы 2 инвестициялық келісімге қол қойылды.

Соның ішінде түріктің "Alsera" ЖШС компаниясы жүзеге асыратын Шымкенттегі заманауи жылыжай кешенін салу жобасы да бар. Ірі нысан 500 гектар аумақта орналасады. Өндіріс қуаты жылына 155 мың тонна қызанақты құрайды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 650 миллион долларды құрайды.

Бұл ретте 2025 жылы 8 инвестициялық келісім жасау мәселесі пысықталуда. Оның ішінде "Fabe Agro" поляк компаниясының Шымкентте заманауи жылыжай кешенін салу бойынша жобасы бар. Жобаның қуаты жылына 36 мың тонна қызанақ пен қиярды құрайды. Инвестиция сомасы 120 миллион долларды құрайды.

ҚазАқпарат