«My Freighter» өзбек әуе компаниясы Қазақстанға әуе рейстерін ашады

«My Freighter» өзбек әуе компаниясы Қазақстанға әуе рейстерін ашады
фото: https://kaz.nur.kz

       Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстердің санын арттыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2025 жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының «My Freighter» (Centrum Air) жаңа авиакомпаниясы шығады.

       Одан ары 2025 жылдың 6 маусымынан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды.

       Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

       https://kaz.inform.kz/