
фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Биыл елімізде мектеп бітіретін түлектердің құрметіне арналған соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтетін күн өзгертілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды.
Биыл елімізде 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылап, оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.
Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектебінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады,- делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
- Биыл оқу жылының аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі. Сондай-ақ, барлық оқушы үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз, - деп хабарлайды ведомстводан.
Бұған дейін Ғани Бейсембаев соңғы қоңырау кезінде ата-аналар мектептегі мерекелік іс-шараларға шығындалып, балаларды ысырапқа үйретпеуі керектігін айтып, үндеу жасаған еді.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через