Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін
фото: media.gettyimages.com

Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шоуды ұйымдастырушылар ММА ұйымындағы әйгілі файтер Федор Емельяненконы Қазақстанға «Темір Майкқа» қарсылас ретінде шақыруды жоспарлап отыр. 

— Біздің жоспарларымызға Майк Тайсон мен Федор Емельяненконың жекпе-жегін ұйымдастыру кіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр. Майк Тайсонды шақырғымыз келетін турнирді желтоқсан айына жоспарлап отырмыз, - деді Астанада өткен баспасөз мәслихатында Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев. 

Майк Тайсоның спорттық мансабында 50 жеңіс (44 нокаутпен) және 7 жеңіліс бар. Былтыр ол қарсыласы Джейк Полдан  жеңіліп қалған болатын.