
фото: pexels.com
Қазақстанда мектеп күзетшілері қару ұстап жүреді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" ақпарат агенттігі 31-арнаның informburo.kz жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бірақ білім ұясында суық қарумен жүруге және пайдалану үшін арнайы лицензиясы болуға тиіс. Осылайша, үкімет оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Ол үшін мектеп күзетшілеріне арналған бірыңғай талаптарды бекітті. Яғни, күзет қызметтерін сатып алу бойынша типтік конкурстық құжаттама әзірленген. Соған сәйкес, күзет қызметіне арнайы дайындықтан өткен 25-50 жас аралығындағы ер адам алынады.
Сондай-ақ ұйымның кеңсесі мен қызметкердің сотталмағаны туралы, бастысы қарумен жүруге және пайдалануға арналған рұқсат қағазының болуы маңызды.
Сонымен қатар мектепті күзету үшін мекеме кем дегенде 2 жедел әрекет ету тобын жасақтауға тиіс.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через