
фото: pexels.com
Жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу ең өзекті мәселе. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.
Еліміздің ертеңгі үміт күтер болашағы - бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, жан-жақты білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау ұлттық саясатымыздың басты бағыттарының бірі.
Сондықтан барлық орта білім беру мекемелерінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жаңа мазмұнда оқытылып жатыр. Оның ерекшелігі – барлық пәнді оқытуда мұғалімге баланың бойына біліммен қатар ұлттық тәрбиені қоса беру міндеттелді.
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 200-ден астам педагог «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны бойынша оқудан өткен. Осы істің басы-қасында жүрген Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар Шынболатқызы Тәңірбергенованы сөзге тартқан едік.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через