Алматыда 15 жыл жөндеу көрмеген субұрқақ кешендері қалпына келтіріледі

Алматыда 15 жыл жөндеу көрмеген субұрқақ кешендері қалпына келтіріледі
фото: https://pixabay.com/ru/

Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90%-ға орындалды

Алматыдағы Сайран көлінде 200 ағаш және 3300 бұта отырғызылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктегілер.

Алматыда 15 сәуірде 5,6 млрд теңгеге 4 субұрқақты кешенді жаңғыртуға шарт жасалды. Бұл туралы Алматы әкімінің есебінде айтылды. Сайран көлін абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы да көрсетіледі.

"Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90%-ға орындалды. Мұнда "Lorberg" (Германия) тәлімбағынан әкелінген биіктігі 6 метрден асатын 200 ағаш, сондай-ақ 3300 бұта отырғызылды", - дейді ведомстводағылар.

Қоғамдық кеңістікті дамыту аясында Алматыда Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында биіктігі 6 метрден асатын 50 ағаш отырғызылған жаңа сквер пайда болады. Бұл учаскеде резервуарды дайындау және инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізілуде.

ҚазАқпарат